Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары тұтқындалды

Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов «жемқорлықпен күрес» аясында ұсталды.

2131354
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары тұтқындалды

Ресейдің Тергеу комитеті қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов «пара алды» деген күдікпен қамауда отыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінді.

Президенттік сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса осы тақырыпқа байланысты журналистерге мәлімдеме жасап, Ивановтың ұсталғаны туралы президент Владимир Путинге хабарланғаны және РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың да хабардар етілгенін білдірді.

Иванов 2016 жылы мамыр айында Путиннің жарлығымен қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар