PKK-лық террористтер шабуыл жасады

Ирак күрд аймақтық әкімшілігі PKK-ның Дахук қаласына қарасты Амеди ауданына зымыран шабуыл жасағанын білдірді.

1833301
PKK-лық террористтер шабуыл жасады

Ирак күрд аймақтық әкімшілігі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Дахук қаласына қарасты Амеди ауданына зымыран шабуыл жасағанын және шабуылда 2 адамның қаза тапқанын жариялады. 

Ирак күрд аймақтық әкімшілігі тақырыпқа байланысты ресми Facebook парақшасынан мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде "PKK-лық террористтер Амедиге қарасты Бамерни ауданындағы Ередна ауылына зымыран шабуыл жасады. Шабуылда 2 адам қаза тапты,  2 адам да жарақат алды" делінді. 

 



Ұқсас жаңалықтар