Quad лидерлер саммиті өтті

Саммитке АҚШ, Жапония, Үндістан және Австралия басшылары қатысты.

1831489
Quad лидерлер саммиті өтті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден төрттік қауіпсіздік диалогы «Quad» форматының «уақытша сән емес» екенін және оның жылдар бойы дамитынына үміттенетінін атап өтті.

«Quad» қауіпсіздік диалогы көшбасшыларының саммиті Жапонияның астанасы Токиода премьер-министр Кисида Фумионың басшылығымен өтуде.

АҚШ президенті Байден Австралияның жаңа премьер-министрі Энтони Албанес пен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди де қатысқан саммиттің баспасөзге ашық бөлімінде сөйлеген сөзінде «төрттік ынтымақтастықтың маңыздылығына» назар аударды. Ол бұл форматтың «уақытша сән» еместігін айтты.

Байден Үнді-Тынық мұхитындағы дос демократ елдермен бірге ортақ құндылықтар мен көзқарастарды қорғайтынын атап өтті.

Үндістанның премьер-министрі Моди де «Quad сенім мен табандылығы аймақтағы демократияларға күш береді» деп мәлімдеді және ортақ мақсат «Еркін және ашық Үнді-Тынық мұхиты» екенін білдірді.

Энтони Албанес Австралияның жаңа үкіметі «күшті және икемді Үнді-Тынық мұхиты үшін төрттікке қолдау көрсетуді жалғастыратынын» айтып, «Біздің серіктестігіміз демократияға, заң үстемдігіне негізделеді» деді.

Қабылдаушы премьер-министр Кисида Үнді-Тынық мұхиты аймағы  «басқыншылық әрекеттерден аулақ болу керек» деп атап өтті.

Quad-тың «Еркін және ашық Үнді-Тынық мұхиты» мақсатына адал болуының маңыздылығын атап көрсеткен Кисида ұйымды өзекті аймақтық мәселелерде Оңтүстік-Шығыс Азия Ұлттар қауымдастығы (АСЕАН) елдерімен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар