"НАТО Ресей шекарасына жақындады"

Шойгу ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің отырысында онлайн сөз сөйледі.

1831818
"НАТО Ресей шекарасына жақындады"

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу НАТО-ның Ресей шекарасына жақындап, әскери әлеуетін айтарлықтай арттырғанын айтты.

Шойгу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің отырысында онлайн сөз сөйледі.

Шығыс Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздік жағдайының айтарлықтай нашарлағанын айтқан Шойгу НАТО-ның шығысқа қарай кеңейгенін және шабуыл қаруларының Ресей аумағына жақын жерде орналастырылғанын еске салды.

Ол «Ресейдің талпыныстарына қарамастан, батыс елдері негізгі мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарды ескермеді» дедіү

Орыс министр Америка Құрама Штаттарының қазіргі халықаралық қауіпсіздік құрылымын толығымен жою бағытын айқындағанын айтты. "Солтүстік Атлантикалық альянс біздің шекараға жақындады және өзінің әскери әлеуетін айтарлықтай арттырды. Украинаның НАТО-ға қосылуы және оның аумағында коалициялық әскери инфрақұрылымды орналастыру үшін күш-жігер күшейтілді. Украина бізге жау мемлекетке айналды, қысым көрсету құралы ретінде қолданылады. Оның үстіне Украинада ядролық қару мен оны жеткізу құралдарының жасалу қаупі бар» деді ол.

Ресейдің «Донбастағы халықты геноцидтен қорғау үшін арнайы әскери операция бастағанын» атап көрсеткен Шойгу «Украинаның ядролық қарусыз және бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету, қарусыздануын және фашистерден тазалануын» мақсат еткендерін білдірді.

Ол батыстың украин әскерлерінің жеңілуінен қорқатынын, сондықтан осы елге қару-жарақ жеткізуді шұғыл ұйымдастыратынын білдірді.

«Киев режиміне батыстың ауқымды көмегі мен Ресейге санкция салу қысымына қарамастан, біз барлық миссиялар аяқталғанша арнайы әскери операцияларды жалғастырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар