Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі отставкаға кетті

Борис Бондарев: "Мен енді бұл қанды, ақылсыз және пайдасыз масқараның бір бөлшегі бола алмаймын" деді.

1831063
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі отставкаға кетті

Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы (БҰҰ) Женевадағы тұрақты өкілдігі хатшысының орынбасары Борис Бондарев елінің Украинаға шабуылы себепті отставкаға шыққанын хабарлады.

Отставка хатын әлеуметтік желіден бөліскен Борис Бондарев:

"20 жылдық дипломатиялық жұмысымда сыртқы саясатымызда көптеген өзгерістер көрдім. Алайда соғыс басталған 24 ақпаннан бері елімнен осыншалықты ұялмаған едім" деді. 

Борис Бондарев Ресей-Украина соғысы жайлы:

"Мен енді бұл қанды, ақылсыз және пайдасыз масқараның бір бөлшегі бола алмаймын" деген мәлімдеме жасады.

Борис Бондарев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 18 жылда «Табысты дипломаттан әлемге қауіп төндіретін және қақтығыстарды жариялайтын адамға айналды» деді.

Борис Бондарев:

"Сыртқы істер министрлігінің дипломатиямен байланысы қалмады. Бұл орын соғысқа айтақтайтын, жалған мен өшпенділік орталығына айналды" деген бағаландыру жасады.



Ұқсас жаңалықтар