Қытай Байденнің сөздеріне жауап қайтарды

Джо Байден Қытай Тайваньға шабуыл жасаса,  әскери түрде жауап беретінін айтты.

1830958
Қытай Байденнің сөздеріне жауап қайтарды

«Тайваньға Қытай басып кірсе, Америка Құрама Штаттары араласа ма?» деген сұраққа Байден былай деп жауап берді:

Ол "Біз осы бағытта уәде бердік. Біз «біртұтас Қытай» саясатын қабылдадық, оған қол қойдық. Бірақ Тайваньды күшпен алу дұрыс емес" деп жауап берді.

Джо Байден Қытай Тайваньға шабуыл жасаса,  әскери түрде жауап беретінін айтты.

Байден Ресейдің 24 ақпанда Украинаға қарсы бастаған соғысына да тоқталды. «Ресей Украинадағы айуандығы үшін есеп беруі керек» деді ол.

Қытайдың аймақтық әрекеттері мен Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары және ядролық бағдарламасына назар аударған Жапония премьер-министрі Кисида болса Байденмен статус-квоны күшпен өзгерту әрекеттеріне рұқсат бермеу жөнінде келіскендерін айтты.

Еркін және ашық Үнді-Тынық мұхиты көзқарасын жүзеге асыруда Жапония мен Америка Құрама Штаттарының жетекшілік етуін қалайтынын атап өткен Кисида Байденнің Жапонияның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаңартылған тұрақты мүшелігі туралы бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

Өздері стратегиялық деп санайтын АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты экономикалық шеңберіне (IPEF) қосылатынын атап көрсеткен Кисида Фумио АҚШ-ты Транс-Тынық мұхиты серіктестігі (TPP) келісіміне қайта оралуға шақыруды жалғастыратындарын айтты.

Джо Байден Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, әскери түрде жауап беретінін айтқаннан кейін Бейжің мәлімдеме жасады.

Қытайдың сыртқы істер өкілі Ван Вэнбин «Америка Құрама Штаттары Қытай халқының өз егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы табандылығына жеңіл-желпі қарамауы керек», - дед.

Тайвань керісінше, Байденге сөздері үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар