Ресей Украинаны «арандату» жасаумен айыптады

Ресей Украинаны "24 сәуірдегі Пасха мерекесі түні Православ шіркеулеріне шабуыл жасау мақсатымен 70-тен астам топ ұйымдастырды" деп айыптады.

1814034
Ресей Украинаны «арандату» жасаумен айыптады

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның батыс елдерінің қолдауымен 24 сәуірде атап өтілетін христиандық православиелік Пасха мерекесіне орай «арандатулар» жасайтынын алға тартты.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ұлттық басқару орталығының басшысы Михаил Мизинцев 24 ақпанда Украинаға басталған соғыс жайлы мәлімдеме жасады.

Михаил Мизинцев Киев әкімшілігінің жаңа «арандатулар» жасайтынын алға тартып:

"Киев әкімшілігі батыс елдерінің қолдауымен Запорожье, Николайев, Одесса және Харьков облыстарында көптеген бейбіт азаматтың өлгені жайлы қорқынышты арандатулардың дайындықтарын аяқтады. Осы үшін 24 сәуірдегі Пасха мерекесі түні Православ шіркеулеріне шабуыл жасау мақсатымен 70-тен астам топ ұйымдастырды" деп көрсетті.

Мұны Ресейді "Украиналық бейбіт халықты өлтірумен айыптау" үшін жасайтынын айтқан Михаил Мизинцев БҰҰ, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Қызыл крест комитеті және басқа халықаралық ұйымдарды Киев әкімшілігін осы әрекеттерді тоқтатуға шақыруын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар