Бернс: "Ресей ядролық қаруды қолдануы мүмкін"

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы директоры Уильям Бернс студенттер мен оқытушыларға үн қатты.

1812900
Бернс: "Ресей ядролық қаруды қолдануы мүмкін"

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Орталық барлау басқармасының (ОББ/CIA/) директоры Уильям Бернс Ресейдің тактикалық немесе аз әсері ететін ядролық қаруды қолдануы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді.

Уильям Бернс ОББ-ның жұмыстары туралы Джорджия Технологиялық университетінің студенттері мен оқытушыларына үн қатты.

АҚШ-тың алдында тұрған үш маңызды мәселенің Қытай, Ресей және дамып келе жатқан жаңа технологиялар екенін түсіндірген Бернс «Мен шашымның көпшілігін Владимир Путиннің Ресейімен айналысамын деп ағарттым» деді.

Бернс 15 жыл бұрын АҚШ-тың Ресейдегі өкілетті елшісі қызметін атқарған жылдары Владимир Путиннен «тұрақты шағымдар», «ашкөздік», «сенімсіздік» және «кек алуға құмарлығы» байқағанын айтты.

Путиннің Ресейдегі үстемдігі артқан сайын «тәуекел тәбетінің» де артқанын алға тартқан Бернс айналасындағылардың да бұл жағдайға ешқашан күмән келтірмейтінін баса айтты.

АҚШ барлауының өткен күздің басында Путиннің Украинаға бағытталған жаңа әрі ауқымды бір басқыншылық жоспары дайындап жатқаны туралы ақпарат жинай бастағанын еске салған ОББ директоры Ресей басшысы мен оның айналасындағылардың Ресейдің өзінің бақылауындағы бір Украинамен ғана үлкен державаға айналуды армандағанын атап көрсетті.

Ресейдің 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан соғыста Украинаға келтіретін азап және залалымен бейбіт тұрғындарға қарсы шектен тыс зорлық-зомбылық жасайтынына еш күмәні жоқ екенін айтқан Уильям Бернс Мәскеудің бұрын да мыңдаған бейбіт тұрғынның өліміне себеп болған операциялар жасағанын еске салды.

Бернс Ресейдің тактикалық немесе әсері төмен ядролық қаруды қолдануы мүмкін деп алаңдағандарын, Ресей доктринасында қажет жағдайда ядролық қару күшін пайдаланудың енгізілгенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар