Сомалиде ашаршылық жақындап қалды

БҰҰ мәлімдемесінде  елдегі жан санының 40 пайызы болған 6 миллион адамның азық-түлікке қолы жетпей отырғаны білдірілді.

1811278
Сомалиде ашаршылық жақындап қалды

Сомалиде құрғақшылық себепті миллиондаған адамның аштыққа дөп келгені жайлы ескерту жасалды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктері ортақ мәлімдемесінде  елдегі жан санының 40 пайызы болған 6 миллион адамның азық-түлікке қолы жетпей отырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде елдің 6 аймағында ашаршылық басталғаны ескертіліп, құрғақшылық себепті жыл басынан бері жәрдемге мұқтаж қалғандар саны екі есе артқаны хабарланды.

Гуманитарлық жәрдемді жылдамдату үшін шұғыл қаржы табу керектігі жазылған мәлімдемеде көлемді бір ашаршылық қаупі таяп қалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде малдың қырылуы мен зат бағасының артуы себепті әсіресе балалардың тамаққа және сүтке мұқтаж екені жеткізілді.

Сомалиде 2011 жылғы құрғақшылық пен азық-түлік дағдарысы себепті мөлшермен 260 мың адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар