Шериф: "Үндістанмен бейбіт қарым-қатынасты қалаймыз"

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шериф Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1811133
Шериф: "Үндістанмен бейбіт қарым-қатынасты қалаймыз"

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шериф елінің Үндістанмен бейбіт және ынтымақтастық негізінде қарым-қатынасты қалайтындарын білдірді.

Шериф Твиттер аккаунтындағы мәлімдемесінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге премьер-министр болуымен құттықтағаны үшін алғыс айтты.

Елінің Үндістанмен бейбіт және ынтымақтастық қарым-қатынасты қалайтынын атап көрсеткен Шериф Джамму-Кашмирді қоса алғанда, жалғасып жатқан барлық проблемаларды бейбіт жолмен шешу керектігін білдірді.

Пәкістанның террормен күрестегі шығындарының баршаға мәлім екеніне назар аударған Шериф «Бейбітшілік орнатып, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына көңіл бөлейік» деді.

Үндістан премьер-министрі Моди кеше Пәкістан Ұлттық Мәжілісінде премьер-министр болып сайланған Пәкістан Мұсылман лигасы - Наваз (PML-N) қозғалысының төрағасы Шахбаз Шерифті құттықтаған еді.

Моди әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Миан Мұхаммед Шахбаз Шерифті Пәкістанның премьер-министрі ретінде сайлануымен құттықтаймыз. Үндістан террордан тазартылған бір аймақта бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылады. Осылайша даму проблемаларына назар аударып, халқымыздың әл-ауқатын көтере аламыз» деп хабарлаған болатын.

Елде үш мерзім премьер-министр қызметін атқарған Наваз Шерифтің ағасы Шахбаз Шериф кеше өткен сайлауда 174 дауыс жинап, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Шериф президент міндетін атқарушы, әрі Сенат спикері Мохаммад Садик Санджранидің алдында ант ішіп міндетін бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар