Орыстар мәрмәр бомбасын қолданған

Ресейдің Украинаға соғысында кемінде 1480 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны, 2195 адамның жараланғаны білдірілді.

1807702
Орыстар мәрмәр бомбасын қолданған

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресейдің Украинадағы елді мекендерге кемінде 24 мәрте мәрмәр бомбасын қолданғаны туралы сенімді ақпарат бар екенін хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Розмари ди Карло Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне берген мәліметінде Ресейдің 24 ақпанда Украинаға бастаған соғысында кемінде мың 480 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, 2 мың 195 адамның жарақат алғанын білдірді.

Ресейдің Украинадағы елді мекендерге кемінде 24 мәрте мәрмәр бомбасы қолданғаны туралы сенімді ақпарат бар екенін айтқан Розмари ди Карло әрі орыс армиясына, әрі Украина армиясына, әрі сарбаздарға қаратылған жыныстық күш қолдану және жәбірлеу жайлы айыптаулар келгеніне назар аударды.

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мартин Гриффитс Мариуполь қаласын «тозақпен» салыстырып, Украина жан санының төрттен бірі елден кеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар