Грекия 12 ресейлік дипломатты «персона нон грата» деп жариялады

Грекия Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1808218
Грекия 12 ресейлік дипломатты «персона нон грата» деп жариялады

Грекия Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ресей Федерациясының Грекияда тіркелген Дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің 12 қызметкері «Персона нон грата» деп жарияланды.

Аталған шешімнің 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы және 1963 жылғы Консулдық істер туралы Вена конвенциясына сәйкес қабылданғаны айтылды.

«Персона нон грата» деп жарияланған дипломаттар туралы Ресейдің Грекиядағы елшісіне мағлұмат берілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар