Байден "Путин билік басында тұрмауы керек" деген сөзін қайталады

АҚШ президенті Джо Байдан журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

1803358
Байден "Путин билік басында тұрмауы керек" деген сөзін қайталады

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путин үшін айтқан "Бұл адам билік басында тұрмауы керек" деген сөздерінен бас тартпайтынын және бұл тақырыпта кешірім сұрамайтынын білдірді. 

Джо Байдан журналисттердің сұрақтарына жауап берді. 

Польша сапары барысында айтқан "Бұл адам билік басында тұрмауы керек" деген сөздеріне және одан кейін Ақ Үйдің жасаған "Байденнің сөздері Ресейде бір режим өзгерісі үндеуі емес" деген мәлімдемесіне байланысты сұрақтарға орай Байдан былай деді: "Бұл тақырыпта кері қадам баспаймын. Владимир Путиннің аяусыз шабуылдарына деген ашуымды білдірдім. Украиналық отбастарымен кездескеннен кейін бұл мәлімдемені жасадым. Бұл жерде әрқандай бір режим өзгерісін тілге тиек етпедім. Сонымен қатар бұл сөздер үшін кешірім сұрамаймын".

Байден Путин жайлы айтқан сөздердің Украианда дағдарыстың ушығатына сенбегенін де баяндап, "Путин өз жолымен жүре беретін болса, онда барша әлем оны қақпайлайды" деп көрсетті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар