Әл Нахаян мен Путин Украина дағдарысын кеңесті

Телефонда Путин Әл Нахаянға Украина дағдарысы жайлы мәлімет берді.

1787990
Әл Нахаян  мен Путин Украина дағдарысын кеңесті

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Әбу-Даби тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Ресей президенті Владимир Путинмен Украина дағдарысын кеңесті.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми хабар агенттігі WAM-ның хабарында Әбу-Даби тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлескені білдірілді.

Телефонда Путин Әл Нахаянға Украина дағдарысы жайлы мәлімет берді.

Әл Нахаян Украина дағдарысының тараптардың қауіпсіздігі мен мүдделері аясында бейбіт жолмен шешілуі керектігін айтты.

Дағдарыстың шешімі жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауын негіз етіп, келіссөздерді жалғастыру керектігін айтқан Әл Нахаян Біріккен Араб Әмірліктерінің Украина дағдарысын саяси жолмен шешу үшін тараптармен кездесуді жалғастыратынын жеткізді.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресейдің  жаһандық энергия нарқында тұрақтылықты қорғауға келіскені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар