Украина Германиядан соғыс кемесін алмақшы

Андрий Мельник: "Неміс қару компанияларына соғыс кемесі мен сүңгур сатып алу сұранысын беру ниетіндеміз" деді.

1787924
Украина Германиядан соғыс кемесін алмақшы

Украинаның Германиядағы елшісі Андрий Мельник Германиядан соғыс кемесі мен сүңгур сатып алуды қалайтындарын айтты.

Андрий Мельник «T-online» сайтына берген сұхбатында қорғаныс қуатын күшейту үшін Украинаның қарулануы керектігін барлық ортақтарының түсінуін сұрайтынын айтты.

Германияның маңызды рол атқаруы керектігін айтқан Андрий Мельник:

"Неміс қару компанияларына соғыс кемесі мен сүңгур сатып алу сұранысын беру ниетіндеміз" деді.

Украинаның тұрақты әуе қорғаныс жүйесіне де мұқтаж екенін айтқан елші.

"Германия осы жүйелерді Мысырға беруде. Бізге неге бесмесін?" деді.

Неміс үкімет лауазымдылары дағдарыс пен соғыс аймақтарына жойғыш қарулар жолданбайтынын білдіріп, Украинаға ұзақ уақыттан бері қару беруді қабылдамады. Алайда 26 ақпанда саясатты өзгертіп, Украинаға мың танксоғыр мен 500 Stringer зымыранын жолдауға шешім қабылдады.

Премьер-министр Шольц Украинаға қару жолдау жайлы:

"Путиннің шабуылына басқа жолмен жауап берілмейді" деді.



Ұқсас жаңалықтар