Зеленский "Біз қаруларымызды тастамаймыз"

Владимир Зеленский "Елден қашты және қару тастау жайлы үн қатты" деген хабарларды теріске шығарды.

1785876
Зеленский "Біз қаруларымызды тастамаймыз"

Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-дегі парақшасында "(Ресей күштеріне қарсы) Қару тастау жөнінде үндеу тастаған жоқпын. Бұл жалған хабар. Біз қаруларымызды тастамаймыз" деп көрсетті. 

Владимир Зеленский "Елден қашты және қару тастау жайлы үн қатты" деген хабарларды теріске шығарды. 

Зеленский "Қайырлы таң барлық украиналықтар. Қазір менің қару тастау жөнінде үн қатқаным туралы көптеген жалған хабарлар қаптап кетті. Хабарлардың шыны мен өтірігін айыра білгеніміз жөн. Мен бұл жердемін және қаруларымызды тастамаймыз. Біз елімізді қорғаймыз. Жеріміз үшін аяғына дейін күресеміз. Өйткені біздің шындығымыз-біздің Отанымыз, біздің халқымыз бен біздің ұрпағымыз. Бұлардың барлығын қорғаймыз. Жасасын Украина" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар