ЕО Украинада балабақшаға жасалған шабуылды айыптады

Еуроодақ Сыртқы істер офисі Станица Лугансктағы балабақша шабуылын қатаң түрде айыптады.

1780886
ЕО Украинада балабақшаға жасалған шабуылды айыптады

Еуроодақ (ЕО) Украинадағы балабақшаға жасалған шабуылды қатаң түрде айыптайтынын жариялады.

Еуроодақ Сыртқы істер офисі жасаған жазбаша мәлімдемеде Станица Лугансктағы балабақшаның бомбалануын қатаң түрде айыптағаны аталып «Азаматтық инфрақұрылымдарды мұндай бейберекет бомбалау мүлде қабылданбайды. Бұл атысты тоқтату мен Минск келісімдерінің анық бұзылғанын көрсетеді» делінді.

Мәлімдеме зорлық-зомбылық оқиғаларын дереу тоқтатуға шақыру жасалып, «ЕО ретінде Украинаның халықаралық мойындалған шекараларындағы егемендігі мен аумақтық тұтастығына айнымас қолдауымызды қайталаймыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Арнайы бақылау қызметінің жұмысын толығымен құптаймыз және оның мандатына сәйкес бүкіл Украина жеріне шектеусіз кіруге шақырамыз» делінді.

Украина армиясының кеше таңертең жасаған мәлімдемесінде елдегі ресейшіл күштердің Луганск аймағындағы бір ауылды артиллериямен атқылағаны және шабуылда бір артиллерия оғының балабақшаға зиян келтіргені атап көрсетілді.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон шабуылмен байланысты «Бүгін түсінгеніңізге сенімдімін. Бір балабақша украиндықтардың беделін түсіру және бір орыс шабуылы үшін арандатушылық мақсатпен жасалған «жалған жалау» операциясы шеңберінде бомбаланды» деп пайым жасады.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса «Ресейдің Украинаға басып кіруін ақтау үшін «жалған жалау» операциясын жасап жатқанын көрдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар