Чарльз патша болғанда жұбайы Камилла «ханшайым» болады

Патшайым Елизавета II тақтағы 70 жылы бойынша өзіне қолдау берген халыққа алғыс айтты.

1774235
Чарльз патша болғанда жұбайы Камилла «ханшайым» болады

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II тақ мұрагері Чарльз патша болған кезде жұбайы Корнуолл герцогинясы Камилланың «ханшайым» болатынын жариялады.

Патшайым Елизавета II таққа шығуының 70 жылдығына орай жариялаған мәлімдемесінде тақ мұрагері Чарльз патша болған кезде жұбайы Корнуолл герцогинясы Камилланың «ханшайым» болуын шынайы тілейтінін білдірді. 

Чарльз патша болған кезде халықтың өзіне берген қолдауын Чарльз бен жұбайы Камиллаға да беретініне сенетінін айтқан Патшайым Елизавета II тақтағы 70 жылы бойынша өзіне қолдау берген халыққа алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар