Сирия Конституциялық комитетінің 7-ші отырысына дайындық жалғасуда

Арнайы өкіл Педерсен Женева қаласында Сирия Конституциялық комитетінің 7-ші отырысын өткізуді үміт еткенін білдірді.

1769224
Сирия Конституциялық комитетінің 7-ші отырысына дайындық жалғасуда

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Гейр Педерсен Сирия конституциялық комитеттің 7-ші отырысын Швейцарияның Женева қаласында ақпан айында өткізуге үміттенетінін айтты.

Педерсен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі брифингінде Сирияда соңғы бір айдың ішінде Идлибтегі бейбіт тұрғындардың өліміне әкелген әуе шабуылдары және ДАИШ-тің Хасекедегі түрмеге шабуылдары сияқты қорқынышты қақтығыстардың болып жатқанына назар аударды.

Конституциялық комитеттің жұмысының осы уақытқа дейін өкініш тудырғанын, бірақ барлық тараптармен кеңескен соң комитетті мүмкіндігінше тезірек Женевада қайтадан жинауды жоспарлағанын атап айтқан Педерсен «Менің барлық тараптарға қояр сұрағым бірдей, не сұрап жатқаныңызды ғана емес, сондай-ақ екінші тарап басатын қадамдарға қарсы үстелге не қоятыныңызды нақтылай аласыз ба? Тұтқындар, хабар-ошарсыз кеткендер, гуманитарлық көмек, Қауіпсіздік Кеңесінің 2585 санды қарарын орындау, босқындардың қауіпсіз және лайығымен ерікті түрде оралуы сияқты мәселелер де болса жаңа көзқарастарды ризашылықпен құптаймын» деді.

Қауіпсіздік Кеңесіне берген брифингтің артынан журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарған Педерсен конституциялық комитеттің 7-ші отырысын Швейцарияның Женева қаласында ақпан айында өткізуге үміттенетінін айтты.

Түркияның БҰҰ тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Өнжу Кечели де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жасаған баяндамасында Сирия режимінің конституциялық комитеттің жұмысын ілгерілетуде жақсы ниет танытпағанын білдірді.

Кечели Түркияның халықаралық қоғамды YPG/PKK террор ұйымы тақырыбында бірнеше рет ескертуіне қарамастан аймақтағы кейбір актерлердің ДАИШ-ті жою үшін басқа бір террор ұйымы болған YPG/PKK-ға үміт артқанына да назар аударды.

Өткен жылы YPG/PKK-ның террорлық шабуылдарында 350 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын еске салған Кечели Түркияның әрі YPG/PKK, әрі ДАИШ сияқты террор ұйымдарының барлығы жасаған қылмыстарына бедел өтейтінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар