Израиль әскерлері бір палестиналықты өлтірді

Израиль күштері шабуыл барысында аймақ халқына пластикалық оқ атты.

1767972
Израиль әскерлері бір палестиналықты өлтірді

Израиль әскерлері жаулау астындағы Шығыс Иерусалимнің солтүстігінде орын алған Календия босқын лагеріне шабуыл жасады. Шабуыл барысында көз жасаурататын газ бомбаның кесірінен бір  палестиналық көз жұмды. 

Иерусалим губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде палестиналық Фехми Хамедтің науқас екені және шабуыл барысында газ бомбаның кесірінен қайтыс болғаны білдірілді. 

Календия баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде болса, Израиль күштерінің шабуыл барысында аймақ халқын пластикалық оқ және көз жасаурататын газ бомбаларымен нысанаға алғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде Хамедтің 2002 жылы өлтірілген Халид Хамедтің інісі екені және осы қазамен бірге 1967 жылынан осы таңға дейін лагерьде өлтірілген адам санының 85-ке ұласқаны баяндалды. 

Израиль күштері жаулау астындағы Батыс Шерияның көптеген аймақтарында үйлерге ұйымдастырылған шабуылда 20 палестиналықты бақылау астына алды. 



Ұқсас жаңалықтар