Ұлыбритания эпидемияға қарсы шараларын жеңілдетуде

Премьер-министр Борис Джонсон елде бетпердеге қойылатын талаптың жойылатынын мәлімдеді.

1765807
Ұлыбритания эпидемияға қарсы шараларын жеңілдетуде

Артып отырған науқас санына қарамастан Ұлыбритания эпидемияға қарсы шараларын жеңілдетуде. 

Премьер-министр Борис Джонсон келесі аптадан бастап елде бетпердеге қойылатын талаптың жойылатынын мәлімдеді. Елде үйде жұмыс істеу де аяқталады. 

Шотландия да барлық коронавирустық шектеулерді алып тастауға дайындалуда. 

Жаңа ережемен түнгі клубтар қайта ашылып, жабық шараларға қатысуға қойылған шектеулер жойылады. 

Германияда соңғы бір тәулікте науқас саны алғаш рет 100 мыңнан асты. 

Бельгияда анықталған коронавирус жағдайларының 94 пайызының Omicron себепті екені жарияланды. 

Жапония болса шектеулерді күшейтеді. Соңғы бір тәулікте 7 мың науқас санымен қазірге дейінгі ең жоғары көрсеткіш тіркелген Токиоға қоса 12 штат ішінара төтенше жағдайға қосылды. 

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны болса 339 миллионға жақындап, қайтыс болғандар саны 5 миллион 582 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар