БҰҰ Мьянмада бейбіт тұрғындардың өртенгенін жариялады

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мартин Гриффитс мәлімдеме жасады.

1752953
БҰҰ Мьянмада бейбіт тұрғындардың өртенгенін жариялады

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мартин Гриффитс Мьянмада бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдар туралы хабарға қатты шошынғанын білдірді.

Мартин Гриффитс жазбаша мәлімдемесінде «24 желтоқсан күні Мьянманың Кая штатында бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдар туралы хабар мені қатты шошытты» деді.

Сенімді ақпараттық есептердің кем дегенде біреуі бала, барлығы 35 адамның көліктерінен күштеп түсірілген соң өртеп өлтірілгеніне назар аударылғанын мәлімдеген Гриффитс осы зорлық-зомбылық кезінде 2 гуманитарлық жәрдем қызметкерінің де із-түссіз жоғалғанын атап көрсетті.

Бұл қайғылы оқиғаны және халықаралық гуманитарлық құқықпен тыйым салынған елдегі бейбіт тұрғындарға жасалған барлық шабуылдарды айыптайтынын атап өткен Гриффитс «Биліктен қылмыскерлерді тезірек жауапқа тарту үшін оқиғаға қатысты жан-жақты және ашық тергеу жүргізуді сұраймын. Сондай-ақ Мьянма Қарулы Күштері мен Мьянмадағы барлық қарулы топтарды бейбіт тұрғындарды зияннан қорғау үшін барлық сақтық шараларын қолдануға шақырамын» деді.

Жұма күні әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде Мьянмадағы әскери билік басқаратын армияның Кая штатына қарасты Хпрусо ауданы маңындағы Мо-Со ауылында араларында әйелдер мен балалар да бар 30-дан астам адамды өлтіргені және денелерін өртеп жібергені алға тартылған еді.

Мьянма армиясы 2020 жылы өткен жалпы сайлаудағы алаяқтық және елдегі саяси шиеленіс туралы айыптаулардан кейін билікті 1 ақпанда басып алды. Армия елдің көшбасшысы мен Сыртқы істер министрі Аун Сан Су Цииден бастап көптеген лауазымды мен саяси ​партия басшысын тергеуге алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар