Филиппиндегі Раи тайфунында 208 адам көз жұмды

Филиппинде болған Раи тайфуны салдарынан 208 адам көз жұмды.

1749738
Филиппиндегі Раи тайфунында 208 адам көз жұмды

Филиппиннің орталық және оңтүстік-шығыс аймағында болған Раи тайфун апатында қаза тапқан адам саны 208-ге ұласты. 

Ағылшын  BBC телеарнасының хабарына қарағанда екпіні сағатына 195 шықырымға дейін жеткен тайфун мемлекеттің көптеген аймағында электрдің үзілуіне және ғимараттардың күйреуіне себеп болды. Дауыл елдің оңтүстік және орталық аймағын басып өткен. Қираған нысандар мен құлаған талдарда есеп жоқ. Тайфун салдарынан көз жұмған адам саны 208-ге жетті. 

Жоғалып кеткен 52 адамды іздеп жатқан кезде, кем дегенде 239 адамның жараланғаны да білдірілді. 

Апатта мөлшермен 780 мың адам зардап шекті және 300 мың ауыл эвакуацияланды. 

Қазір іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар