Ирактағы су тасқынында 8 адам қаза тапты

Эрбиль губернаторы Омид Хоснав апатпен байланысты мәлімдеме жасады.

1748907
Ирактағы су тасқынында 8 адам қаза тапты

Ирактың Эрбиль қаласындағы cу тасқынында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 8 адам қаза тапты.

Эрбиль губернаторы Омид Хоснав жергілікті БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде нөсер жауын салдарынан алдыңғы күні облыс шекарасында көптеген аудан мен аймақта су тасқыны болғанын мәлімдеді.

Хоснав су тасқыны салдарынан арасында әйелдер мен балалар да бар барлығы 8 адамның қаза тапқанын білдірді.

Азаматтар ұйықтап жатқан кезде үйлерді су басқанын, сондықтан адам шығынының жоғары екенін тілге тиек еткен губернатор Хоснав жағдайдың қазір бақылауда екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар