Ресей АҚШ-қа нота тапсырды

Захарова НАТО мен АҚШ-тың орыс шекарасы бойында жалғастырған әскери іс-шараларының артқанын атап көрсетті.

1744867
Ресей АҚШ-қа нота тапсырды

Ресей Қаратеңізде "арандатушылық әрекеттер жасағаны" себепті Америка Құрама Штаттарына протест нотасын тапсырды.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ пен НАТО елдерінің орыс шекараларына жақын Қаратеңіздегі іс-шараларына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. 

НАТО-ға қарасты "CL-600"  барлау ұшағының 3 желтоқсанда Қаратеңіздің ашық су айдынында 9 мың 200 метр биікке ұшып, азаматтық ұшақтар үшін белгіленген әуе қатынас сызығынан асқанын ескерткен Захарова НАТО мен АҚШ-тың орыс шекарасы бойында жалғастырған әскери іс-шараларының артқанын атап көрсетті.

Мария Захарова:

"АҚШ пен НАТО одақтастарының әскерлері шекараларымызды қорғаған жүйелерін сынау атлпыныстарымен азаматтық ұшақтарға қарсы арандатушы әрекеттер жасай бастады. Бұл әуе алаңы мен адам өмірінің амандығына қауіп төндіруде. Аталмыш арандатушы әрекеттеріне орай АҚШ-тың Ресейдегі өкілетті елшілігіне осындай абайсыздықтың ауыр нәтижесіне байланысты ескертілген протест нотасы тапсырылды" деді.

НАТО елдерінің осындай іс-шараларының "қабыл алынбайтынын" ескерткен Захарова 1944 жылғы Чикаго Халықаралық Азаматтық авиация конвенциясы аясындағы негіздік ұшақ рейстеріне қайшылық жасалғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар