Нигериядағы қайық апатында 42 адам қаза тапты

Кано уәлаяты полиция өкілі Абдуллахи Киява Багвай апат туралы мәлімдеме жасады.

1743899
Нигериядағы қайық апатында 42 адам қаза тапты

Нигерияның Кано уәлаятында 30 қараша күні жолаушы қайығының суға кетуі салдарынан қаза тапқандар саны 42-ге жетті.

Кано уәлаяты полиция өкілі Абдуллахи Киява Багвай өзенінде қайықтың суға кетуінің артынан жалғасып жатқан іздеу құтқару жұмыстары кезінде тағы 13 адамның мәйітінің табылғанын мәлімдеді.

Осылайша апатта қаза тапқандар саны 42-ге жетті. Киява іздеу-құтқару жұмыстарында 9 адамның құтқарылғанын мәлімдеді.

Кано уәлаятындағы қайық апатының артынан өзендерде коммерциялық қайық тасымалдау қызметі уақытша тоқтатылды.

Нигерияда жаңбыр маусымында өзендерде қайық апаттары жиі орын алады.



Ұқсас жаңалықтар