Захарова: «АҚШ-тық дипломаттар Ресейден кетуі керек»

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ-ты сынға алды.

1741505
Захарова: «АҚШ-тық дипломаттар Ресейден кетуі керек»

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова 3 жылдан көп Мәскеуде болған америкалық дипломаттардың 2022 жылдың 31 қаңтар күніне дейін елден кету керектігін білдірді.

Захарова бас қала Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихатында Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің орыс дипломаттардың виза алуында туғызған қиындықтарды сынға алды.

Аталмыш қиындықтарға байланысты қадамға басуға шешім қабылдағандарын білдірген Захарова «3 жылдан астам уақыт Мәскеуде болған америкалық дипломаттардың 2022 жылдың 31 қаңтар күніне дейін Ресейден кетуі керек» деді.

Захарова Ресейдің мұндай шешім қабылдамау үшін көптен бері талпынғанын алға тартып, «Бұл біздің таңдауымыз емес екенін атап өткім келеді. Америкалық серіктестеріміз ойынның мұндай түрін таңдады. Біз проблеманың конструктивті шешімін табу үшін ұзақ уақыт бойы ақылдасуға тырыстық, бірақ олар өз таңдауын жасады» деді.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов 27 қараша күні жасаған мәлімдемеде 27 орыс дипломаттың жанұяларымен виза мәселесімен байланысты желтоқсан айында АҚШ-тан кететінін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар