Ресей көмір шахтасында шыққан өртте 52 адам ажал құшты

Ресейдің Кемерово облысы Белов қаласындағы көмір шахтасында шыққан өртте 52 адам ажал құшты.

1738989
Ресей көмір шахтасында шыққан өртте 52 адам ажал құшты

Ресей Төтенше жағдай министрлігі Кемерово аймағындағы шахтасында 250 метр тереңдікте өрт шыққанын еске салып, 239 адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде өрт салдарынан 52 қаза тапқаны және көз жұмғандардың ішінде құтқару тобының адамдарының да болғаны баяндалды.

Кеше Кемерово аймағындағы шахтасында мөлшермен 250 метр тереңдікте өрт шыққаны, 239 адамның эвакуацияланғаны,11 адамның мерт болғаны және 45 адамның болса жарақат алғаны жайлы мәлімдеме жасалған еді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар