Польша мен Беларусь шекарасында дағдарыс

Польша шекара қорғаушылары босқындарға қарсы қысымды су мен көз жасаурататын газ қолданды.

1735590
Польша мен Беларусь шекарасында дағдарыс

Поляк-Беларусь шекарасында босқындар дағдарысы жалғасып жатқанда, Польша шекара қорғаушылары босқындарға қарсы қысымды су мен көз жасаурататын газ қолданды.

Польша Қорғаныс министрлігі Кузница шекара бекетінде қауіпсіздік күштері мен баспана іздеушілер арасындағы шиеленістің алғаш көріністерін бөлісті.

Министрлік жасаған мәлімдемеде «Босқындар Кузница шекара қақпасына жасаған шабуыл тойтарылды. Шабуылшылар әсіресе жас жігіттер болды» делінді.

Екінші жағынан министрлік шабуылдардың Беларусь күштерінің «бақылауында» жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Көріністерде босқыншылардың Польша қауіпсіздік күштеріне тас лақтырғаны, қауіпсіздік күштерінің болса қоғамдық оқиғаларға қарсы операциялық көліктер қолданғаны байқалады.

Польшаның Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак бұл шабуылдардың «Беларусь жоспарлаған үгіт-насихат операциясы» екенін атап, «Бүгінгі шабуылды тоқтатқан жауынгерлерге рахмет. Сіздің арқаңызда Польша әлі де қауіпсіз. Қазір шекарада қызмет етіп жатқан барлық сарбаздар марапатталады. Біз сізге ризамыз. Біз Беларусь режимі жоспарлаған үгіт-насихат операциясына тап болдық. Мен бұл жағдайды бағалау кезінде абай болуға кеңес беремін. Жауапкершілігі мол сарбаздарымызға қолдау көрсетейік» деді.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен өзінің әлеуметтік медиа аккаунтында Литва президенті Гитанас Науседа және Литва премьер-министрі Ингрида Симонитемен Польша-Беларусь босқындар дағдарысын бағалағанын атап көрсетті. Лейен «Санкциялар мен келесі қадамдар тақырыбында қазіргі жағдайды талқыладық. Еуроодақ (ЕО) шекара басқару тақырыбында қосымша қолдау ұсынды. Мүше мемлекеттердің қасындамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар