Грекияда теміржол жұмысшылары 24 сағаттық ереуіл жариялады

Грекиядағы метро, ​​жеңіл метро және трамвай жұмысшылары 24 сағаттық ереуілге шықты.

1735650
Грекияда теміржол жұмысшылары 24 сағаттық ереуіл жариялады

Грекия мемлекеттік агенттігінің хабарына қарағанда теміржол жүйесі жұмысшылары кәсіподақтарының ортақ мәлімдемесінде 24 сағаттық ереуіл жарияланды.

Мәлімдемеде жұмысшылар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етті.

Жұмысшылардың қаза тапқан әріптесімен қоштасқысы келгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Апаттың себептерінің анықталып, кінәлілердің жазалануын талап етеміз» делінді.

16 қараша күнгі апатта рельстерді тексеру қызметі жасаған арнайы бір көлік тежегішінің ақауы салдарынан жолаушылар мінген жеңіл метромен соқтығысып, 41 жасар бір жұмысшы қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар