Ресей Үндістанға S-400 жүйесін жолдай бастады

Дмитрий Шугаев: "Ресей Үндістанға S-400 әуеден қорғаныс жүйесін тасымалдай бастады" деді.

1733740
Ресей Үндістанға S-400 жүйесін жолдай бастады

Ресей Федерациясының Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі басқармасының басшысы Дмитрий Шугаев Үндістанға S-400 әуеден қорғаныс жүйесінің тасымалдана бастағанын жариялады.

Дмитрий Шугаев Дубаиде орыстың ТАСС хабар агенттігіне жасаған мәлімдемесінде:

"Ресей Үндістанға S-400 әуеден қорғаныс жүйесін тасымалдай бастады" деді.

Үндістан мен Ресей  арасында S-400 әуеден қорғаныс жүйесін сатып алуға байланысты келісімге 2018 жылы қараша айында 5.4 миллиард долларлық құнмен қол қойылған болатын. 

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы көлемді келіссөздер нәтижесінде шешім жасалған келісім аясында тапсырып берудің 2023 жылы сәуірде аяқталуы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар