Мысырда төтенше жағдай алынып тасталды

Сиси әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың алынып тасталуына байланысты мәлімдеме жариялады.

1725323
Мысырда төтенше жағдай алынып тасталды

Мысыр мемлекет басшысы Абдулфеттах әс Сиси елде төрт жылдан бері жүргізіліп келген төтенше жағдайды алып тастауға шешім қабылдады.

Сиси әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың алынып тасталуына байланысты мәлімдеме жариялады.

«Неше жылдан кейін бірінші рет ел көлемінде төтенше жағдайды алып тастауға шешім қабылдадым.  Көп уақыт бойы күрес жүргізілген осы сәтті бірге қарсы алғанымызға қуаныштымын. Мысыр адал халқының арқасында аймақта қауіпсіздік және тұрақтылық алаңына айналды» деді ол.

Елде төтенше жағдай соңғы рет 12 шілде күні 17-ші рет үш айлығына созылған болатын.

Мысырдың Александрия және Танта қалаларында 2017 жылдың сәуір айында террорлық ұйым ДАИШ бомбалы шабуыл жасап, 45 адам қаза тапқан еді. Оқиғада 125 адам жарақат алған болатын.

Осы оқиғадан кейін мемлекет басшысы Сиси үш айға төтенше жағдай жарияланғанын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар