АҚШ-тың елшілер мәселесі мәлімдемесі

«Түркиямен ортақ басымдықтар бойынша ынтымақтастық ізденісіндеміз».

1725011
АҚШ-тың елшілер мәселесі мәлімдемесі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) «Түркиямен ортақ басымдықтар бойынша ынтымақтастық ізденісінде» екендерін мәлімдеді.

Өткен аптада іскер Осман Каваланы босатуға шақырған 10 елдің елшілері кеше бастамаларынан бас тартып, «Ішкі істеріңізге араласпаймыз, Вена конвенциясының 41-ші бабы мен заңдарыңызға бағынамыз» деген мәлімдемелерінің артынан АҚШ-та бір мәлімдеме жасады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс күнделікті баспасөз брифингінде Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыратындарын атап «Байден әкімшілігі Түркиямен ортақ басымдықтар бойынша ынтымақтасуға ұмтылады және НАТО одақтасы ретінде біз кез-келген қақтығысты шешу үшін келіссөзді жолын пайдалануды жалғастырамыз. Болашаққа қараудың ең жақсы жолдың ортақ мүдделер салаларында ынтымақтасу екеніне сенеміз және Түркиямен көптеген ортақ мүдделеріміз бар екенін білеміз» деді.

Прайс АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Дэвид Саттерфилдтің әлі қызметінде екенін, президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы мәлімдемелерін көргендерін, заң үстемдігі мен адам құқықтарына құрмет мәселесін жаһандық деңгейде көтеруді жалғастыратындарын білдірді.

АҚШ-тық мәлімдемеші «18 қазан күні жасаған мәлімдемеміз (Каваланы босату туралы) Вена конвенциясының 41-бабына сәйкес келетінін білдіреміз. Жаһандық деңгейде адам құқықтарын құрметтеу үшін заңның үстемдігін таратуға деген бағыныштылықты қуаттаймыз және Вена конвенциясының 41-бабына сәйкес Түркиямен келіссөздерімізді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар