Ауғанстандағы лаңкестікте кемінде отыз адам қаза тапты

Жұма намазынан кейін мешітке шабуыл жасалды.

1720188
Ауғанстандағы лаңкестікте кемінде отыз адам қаза тапты

Ауғанстанда Талибанның қамалы деп аталған оңтүстіктегі Кандагар уәлаятындағы шиіттердің Фатымие мешітіне бомбалы шабуыл жасалды. Лаңкестікте кемінде отыз адам қаза тапты.

Жұма намазынан кейін болған лаңкестікте адамдардың зардап шеккені білдірілді.

Талибан күштері шабуыл жасалған мешітке баратын жолдарды жауып тастады.

Өткен аптада елдің солтүстігіндегі Кундуз уәлаятындағы шиіттердің бір мешітіне де шабуыл жасалып, 46 адам қаза тапқан еді.  Осы шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ террорлық ұйым өз мойнына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар