Ресей, Әзербайжан және Армения діни лидерлері бас қосты

Мәскеу патриархы кездесуден кейін ортақ мәлімдемені оқыды.

1719192
Ресей, Әзербайжан және Армения діни лидерлері бас қосты

Ресей, Әзербайжан және Армения діни лидерлері бас қосты.

Мәскеу патриархы Кирилл, Кавказ мұсылмандары басқармасы төрағасы Аллахшүкір Пашазаде және Арменияның діни лидері Каталикос ІІ Гарегин Мәскеуде үштік кездесу өткізді.

Мәскеу патриархы кездесуден кейін ортақ мәлімдемені оқыды.

Діндердің этникалық топтар арасынағы бейбітшілікті орнату әлеуетіне ие екенін білдірген Кирилл «Әзербайжан мен Армения қатынастары қазіргі сатыда қаншама қиын болса да көптеген жылдар бойы жалғасқан трагелия жол ашқан жараларды Құдайға деген сүйіспеншілік пен наным сауықтырады деп сенеміз» деді.

Ол Кавказдың әрқащан халық, тіл және мәдени түрлілігімен танымал болғанын атап көрсетті. «Әзербайжан мен Армения халықтары үшін бірге өмір сүруден басқа болашақ жоқ. Адамдардың бірбірлеріне деген сенімді қайта орнату, көршіге құрмет, өзара көмекке дайын болуды қайтадан үйрену бүгінгі таңда өте маңызды» деді ол.

Ол діни мекендерге, тарихи ескерткіш және қабірлерге, түрлі нанымдағы адамдардың діни сезімдеріне құрметтің өте маңызды екенін назар аударып: «Діни лидерлерді діндер және халықтар арасында жақсы көршілік атмосферасын жарату және жалғастыру үші өкілеттіктерін қолдануға шақырамыз» деді.

Мәскеу патриархы аймақта жоғалып кеткен адамдардың тағдырының айқындалуы, соғыс тұтқындарының босатылуы процесінің жеңілдетілуі, бейбіт халықтың өміріне қауіп төндірген рұқсатсыз қару қолданудың алдын алуға шақыру тастады.

«Діни лидерлер қазіргі және болашақтағы ұрпақтың тыныштығы және пайдасы үшін Әзербайжан мен Армения халықтарының келісуіне үлес қосуға дайын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар