Мароккода жаңа үкімет сенім дауысын алды

Мароккода премьер-министр Азиз Ахнуш бастаған коалициялық үкімет сенім дауысын алды.

1719508
Мароккода жаңа үкімет сенім дауысын алды

Марокко Өкілдер Мәжілісі төрағасы Рашид аль-Талиб әл-Алеми парламент сессиясының артынан өткен дауыс беруде Ахнуш үкіметінің 395 депутаттың 213-нен сенім дауысын алғанын хабарлады.

Дауыс беруде 64 депутаттың жаңа коалициялық үкімет туралы болымсыз пікір білдіргенін айтқан Алеми, бір депутаттың да қалыс қалғанын мәлімдеді.

Мароккода 8 қыркүйек күні өткен жалпыхалықтық сайлауда 102 депутат шығарған «Ұлттық тәуелсіздік одағы партиясы» жеңіске жеткен болатын. «Абырой және қазіргі заман партиясы» 86 депутатпен екінші орынға ие болса, 81 орынмен «Тәуелсіздік партиясы» үшінші орынды иеленді.

«Ұлттық тәуелсіздік одағы партиясы» төрағасы Азиз Ахнус 22 қыркүйек күні жаңа коалиция құру үшін «Абырой және қазіргі заман партиясы» және «Тәуелсіздік партиясымен» келіскендерін хабарлаған болатын.

Марокко королі 6-шы Мұхаммед Азиз Ахнуш басшылығындағы жаңа үкіметті 7 қазан күні бекіткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар