Афиныда нәсілшілдік пен фашизмге қарсы акция өтті

Акция аясында соңғы кездері артып отырған нәсілшіл шабуылдар мен Грекияның босқын саясаты протест етілді.

1717334
Афиныда нәсілшілдік пен фашизмге қарсы акция өтті

Грекияның бас қаласы Афиныда нәсілшілдік пен фашизмге қарсы акция ұйымдастырылды.

Кәсіпорындар, Азаматтық қоғам мекемелері, студент ұйымдары, солшыл ұстанымды топтар мен босқындардың шақыруымен ұйымдастырылған акцияда радикал оңшылдардың соңғы кездері арттырған нәсілшіл іс-әрекеттері мен Грекияның босқын саясаты протест етілді.

Акцияда күн тәртіптегі «Алтын таң» сияқты экстремист оңшыл және нәсілшіл құрылымдарға қарсы да ұрандар тасталды.

Омония алаңында құрылған платформада шағын концертпен басталған акция Парламент ғимаратына дейін шерумен жалғасты.

Шеру себепті жол қозғалысының жабылуына жол бермеуге тырысқан полиция шерушілерге көз жасаурататын газбен операция жасады.

Грекияның сот органдары өткен жылы радикал оңшыл «Алтын таң» партиясын қылмыстық ұйым деп жариялаған еді.

Салоникиде фашизмге қарсы шеруге шыққысы келген студенттерге 29 қыркүйек күні бетперделі бір топ шабуыл жасап, оқиға кезінде екі студент жеңіл жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар