Ливияда Өкілдер Мәжілісі Парламенттік сайлау заңын бекітті

Ливия Өкілдер Мәжілісі мәлімдемешісі Абдуллах Билейхик тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1714910
Ливияда Өкілдер Мәжілісі Парламенттік сайлау заңын бекітті

Ливияда Өкілдер Мәжілісі 24 желтоқсан күні өткізілуі жоспарланған парламенттік сайлау туралы заңды бекітті.

Ливия Өкілдер Мәжілісі мәлімдемешісі Абдуллах Билейхик әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Парламент бүгін өз отырысында Парламент сайлауы туралы заңды мақұлдады. Осылайша Мәжіліс президенттік және парламенттік сайлауды ұйымдастыру үшін қажетті заңнаманы аяқтады» деді.

Елде 24 желтоқсан күні президенттік және парламенттік сайлаудың бірге өткізілуі жоспарлануда.

Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңесі (МЖК) және Өкілдер Мәжілісінен тұратын ливиялық тараптар екі сайлауды бірге өткізу үшін қажетті заңдық инфрақұрылымды анықтау бойынша бірнеше ай бойы консенсусқа келе алмаған еді.

Өкілдер Мәжілісі төрағасы және елдің шығысындағы заңсыз күштердің басшысы Халифа Хафтардың саяси одақтасы Акиле Салих 8 қыркүйек күні бұл құқықтық инфрақұрылымды анықтайтын заңды біржақты қабылдағанын жариялаған болатын.

Салихтің Мәжілісте дауысқа салмай және Мемлекеттік Жоғарғы Кеңеске өтініш бермей шығарған заң қабылданбады.

Мемлекеттік Жоғарғы Кеңестен Өкілдер Мәжілісі жариялаған парламент сайлауы заңының қабылданып, қабылданбайтыны жөнінде кез-келген мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар