Гаити БҰҰ-дан көмек сұрады

Гаити БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен қылмыстық топтармен және қылмыспен күрес үшін көмек сұрады.

1714943
Гаити БҰҰ-дан көмек сұрады

Гаити БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен қылмыстық топтармен және қылмыспен күрес үшін көмек сұрады.

Гаити Сыртқы істер министрі Клоуд Джозеп Америка Құрама Штатарының Нью-Йорк қаласында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде баяндама жасап,  БҰҰ-ның Гаитиде қауіпсіздікті нығайтуы керектігін айты.

Қауіпсіздік кеңесінен қылмыстық топтар және қылмыспен күрес тақырыбында көмек сұраған министр: «Елдегі жаңа фактілерді назарға ала отырып БҰҰ миссиясының міндет мерзімінің осыған орай анықталуы өте маңызды» деді.

Гаити президенті Жовенель Моиз шілде айында қарулы кісілердің үйіне жасаған шабуылында қаза тапқан болатын.

Елде тамыз айында болған 7,2 балдық жер сілкінісінде 2 мың 200-ден астам адам қаза тауып, он мыңдаған баспанаға зиян келді.

Саяси және экономикалық дағдарыстармен арпалысып жатқан ел сонымен бірге қылмыстық топтармен күрес,  адам алып қашыру және адам өлтірушіліктермен күрес жүргізіп жатыр.

БҰҰ деректеріне сәйкес соңғы айларда қылмыстық топтардың күш қолдануына байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған 19 мың адам баракаларда өмір сүруде.



Ұқсас жаңалықтар