Украинада тәулігіне ковид-19 жұқтырғандар саны 11 мың 757-ден асты

Украина Денсаулық сақтау министрлігі соңғы көрсеткіштерді жариялады.

1712702
Украинада тәулігіне ковид-19 жұқтырғандар саны 11 мың 757-ден асты

Украинада тәулігіне жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) жұқтырғандар саны 11 мың 757-ден асып түсті, бұл сәуір айынан бергі ең жоғары көрсеткіш болып тіркелді.

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда елде бір тәулікте ковид-19 салдарынан 194 адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 93 мың 356 адамға сынама жүргізілген елде 11 мың 757 оқиға анықталды.

Украинада мамыр айынан бастап төмендей бастаған науқас саны қыркүйек айында қайтадан арта түсті.

Елде вирус жұқтырғандар тәулігіне 20 мың 341 адам санымен ең көп сәуір айында тіркелді.

Жаппай вакциналау жұмыстары 24 ақпан күні басталған елде соңғы 24 сағатта 126 мың 3 адамға екпе егілді.

Осылайша Украинада жалпы екпе егілгендер саны 7 миллион 533 -ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар