НАТО Эрбильде штаб құрады

Боррель Эрбильде әкери мақсатта НАТО-ның екінші штаб ашатынын білдірді.

1704375
НАТО Эрбильде штаб құрады

Еуропа Одағының Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік бойынша жоғары комиссары Джозеп Боррель НАТО-ның Ирактың Эрбиль қаласына екінші штаб ашуды жоспарлағанын білдірді. Боррельмен Иракта бас қосқан Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің басшысы Нечирван Барзани бірігіп баспасөз мәслихатын өткізді.

Боррель Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің Ирак пен аймақтың тұрақтылығында маңызды рол ойнағанын айтып,  Эрбиль мен Бағдат арасында жақсы қатынастарды көргісі келетіндерін білдірді.

Ол Еуропа Одағының ДАИШ-қа қарсы Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қолдау беруге табанды екенін атап көрсетті.

Боррель Эрбильде әкери мақсатта НАТО-ның екінші штаб ашатынын білдірді.

ЕО жоғары комиссары алдынғы күні де Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хүсейінмен Бағдатта кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар