Евгений Зиничев жаттығу кезінде қаза тапты

Евгений Зиничев 2018 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарып келген.

1704616
Евгений Зиничев жаттығу кезінде қаза тапты

Ресей Төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев жаттығу кезінде қаза болды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Евгений Зиничев Норильск қаласындағы Арктикалық аймақты төтенше жағдайлардан қорғауды мақсат еткен ұйымдар арасындағы жаттығуда міндет атқарып жатқанда бір адамды құтқаруға талпынған кезде қаза тапты" деп көрсетілді.

1966 жылы 18 тамызда дүниеге келген Евгений Зиничев Ресейдің қауіпсіздік ұйымдарында міндет атқарды.

Евгений Зиничев 2018 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарып келген. 



Ұқсас жаңалықтар