Израиль Иранға құқай көрсетті

Нафтали Беннет: "Ирандықтар Тегеранда бейбітшілік ішінде отырудың және ол жерден Орталық Шығысты ойрандаудың мүмкін емес екенін түсінгені жөн" деді.

1685042
Израиль Иранға құқай көрсетті

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет Тегеран әкімшілігіне құқай көрсетіп, елінің Иранға жалғыз өзі әрекет жасайтынын айтты.

Нафтали Беннетт  Израиль армиясының Солтүстік қолбасшылығына 29 шілдедегі сапарында еліне қарасты Mercer Street атты кемені нысанаға алған шабуылды бағаландырды.

Иранды айыптаған Нафтали Беннет:

"Иранның кеме шабуылынан кейін алған хабарымызды АҚШ, Ұлыбритания және басқа елдермен бөлістік. Оқиға жайлы ешкімнің күдігі болмайтын нақтылы дәлелдер ұсындық" деді.

Нафтали Беннет Иранға құқай көрсетіп:

"Кеме мен Иран жайлы әлемнің басын қосу үшін талпынудамыз. Алайда жалғыз да әрекет жасай аламыз. Ирандықтар Тегеранда бейбітшілік ішінде отырудың және ол жерден Орталық Шығысты ойрандаудың мүмкін емес екенін түсінгені жөн" деді.

Израиль компаниясына қарасты "M/T Mercer Street" атты кеме 29 шілдеде Танзаниядан Біріккен Араб Әмірліктеріне бара жатқанда Тынық мұхитта шабуылға ұшырап, 2 кісі қаза тапқан болатын.

Тель-Авив шабуылдың артында Иран болғанын алға тартқан. Иран Сыртқы істер министрлігі пайымдауды теріске шығарған еді.



Ұқсас жаңалықтар