Малиде президентке шабуылдаған күдікті түрмеде қайтыс болды

Малиде төңкеріспен билікке келген Ассими Гоитаға пышақпен шабуылдаған күдікті тергеуде қаза тапты.

1680091
Малиде президентке шабуылдаған күдікті түрмеде қайтыс болды

Малиде 24 мамыр күнгі төңкерістің артынан билікке келген және уақытша президент (өтпелі кезеңнің президенті) болып жарияланған Ассими Гоитаға пышақпен шабуыл жасамақ болған адам тергеу кезінде қаза тапты.

Үкімет жасаған жазбаша мәлімдемеде аты-жөні аталмаған шабуылдаушының қамауда жатқанда науқастанып, өзі жеткізілген ауруханада қайтыс болғаны жарияланды.

Мәлімдемеде шабуылдаушының өлімінің себебінің мәйітті криминалистік мақсатта ашудың артынан жарияланатыны атап өтілді.

Азаматтық өтпелі кезеңнің президенті Гоитаға Құрбан айттың бірінші күні бас қала Бамакодағы Ұлы мешітте оқылған айт намазынан кейін пышақ ұстаған бір адам артқы жағынан келіп, шабуыл жасамақ болды.

Шабуылдаушы және қасындағы бір адам оқиға орнында ұсталған, Гоита шабуылдан жарақат алмай құтылған болатын.

Оқиғаның артынан тергеу ашылды.

2020 жылдың тамызында төңкеріс жасап азаматтық өтпелі кезеңнің вице-президент қызметін атқара бастаған полковник Гоита 24 мамыр күні араларында бұрынғы президент Бах Ндав пен премьер-министр Моктар Уан да бар көптеген жоғары лауазымды тұлғаларды ұстауға бұйрық берген еді.

Гоита 7 маусым күні «өтпелі кезеңнің президенті» ретінде ант қабылдады және ресми түрде қызметін бастады.



Ұқсас жаңалықтар