Германиядағы су тасқынында 156 кісі көз жұмды

Германиядағы нөсерлі жаңбыр мен су тасқынында құрбан болғандар саны 156 адамға жетті.

1676906
Германиядағы су тасқынында 156 кісі көз жұмды

Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц және Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық өңірлерінде сел және су тасқыны салдарынан көз жұмған адам саны 156 адамға көбейді.

Су тасқыны салдарынан жүзден астам адамның өлімі расталды. Тағы мыңға жуығы хабар-ошарсыз кеткен. Билік олардың саны аз болуы мүмкін екенін айтады. Алайда жолдарды су басып, ұялы желінің болмауына байланысты көптеген адамдар зардап шеккен аудандарда тұратын туыстарымен хабарласа алмай отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар