Ливия премьер-министрі Президенттік Кеңеске хат жолдады

Абдулхамид Дибейбе қорғаныс министрін тағайындау жауапкершілігінің өзінде екенін білдірді.

1667321
Ливия премьер-министрі Президенттік Кеңеске хат жолдады

Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе Президенттік кеңеспен ақылдасу қажеттілігіне қоса, қорғаныс министрін тағайындау жауапкершілігінің өзінде екенін мәлімдеді.

Премьер-министр Дибейбе қорғаныс министрін тағайындау тақырыбында ақылдасу және мәселені шешу үшін 4 шілде күні өтетін жиналысқа өзін шақырған президенттік кеңеске хат жолдады.

Премьер-министр Президенттік Кеңес шақырған отырысқа қатысып қатыспайтыны жөнінде ақпар бермеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бастамасымен Ливия дағдарысын саяси жолмен шешу мақсатты Женевада 5 ақпан күні «Ливия Саяси келіссөз форумы» жиналды. Форумның мүшелері 24 желтоқсан күні жүзеге асатын парламенттік және президенттік сайлауға дейін президенттік кеңес төрағалығына Мұхаммед Әл-Менфи мен премьер-министрлік міндетіне Абдүлхамид Дибейбені сайлаған болатын.

Ливияда президенттік кеңес төрағасы сондай-ақ армияның да бас қолбасшысы болып қабылданады.

Наурыз айында өзінің кабинетін құрған премьер-министр Дибейбе қорғаныс министрлігі міндетіне қазірше ешкімді тағайындамағаны себепті бұл міндетті өзі атқаруда.

Президенттік кеңестің дүйсенбі күні болып өткен жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, Кеңес Дибейбені қорғаныс министрін тағайындау туралы мәселені ақылдасып, қорытындылау үшін 4 шілде күні өтетін маңызды жиынға қатысуға шақырды.

Мәлімдемеде егер премьер-министр кездесуге қатыспаса, президенттік кеңес қорғаныс министрін тағайындайтынын және аталмыш лауазымдыны бекіту үшін Өкілдер Мәжілісіне ұсынатынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар