Иракта қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ жаудырды

Васыт провинциясындағы оқиғада жарақат алған 4 адамнан үшеуінің жағдайы ауыр.

1667112
Иракта қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ жаудырды

Ирак қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Васыт провинциясында электр қуатының үзілуіне наразылық үшін жиналған демонстранттарға қарумен шабуылдады.

Васыттағы электр қуатының ұзақ уақытқа үзілуін протест ету үшін жүздеген адам «Әл-Азизия» электр станциясының алдына жиналды. Қауіпсіздік күштері қарусыз демонстранттарға оқ жаудырды.

Куәгерлер үшеуі ауыр күйде 4 демонстранттың жарақат алғанын, жаралылардың ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Ирак электр энергетикасы министрі Маджид Мехди Хантуш өткен сәрсенбі күні электр қуатының шектелуімен байланысты наразылықтар артқан соң отставкаға кеткен болатын.

Ауаның температурасы шамамен 50 градусқа дейін көтерілген елде адамдар аптап ыстыққа қоса, проблемаға айналған электр қуатының үзілуі мәселесімен де күресуде.



Ұқсас жаңалықтар