Пашинянның партиясы жеңіп шықты

Бірақ жалғыз өзі үкіметті құра алмайды.

1661734
Пашинянның партиясы жеңіп шықты

Арменияда мерзімінен бұрын өткізілген парламенттік сайлаудан бейресми алғашқы қорытындыға қарағанда Никол Пашинянның партиясы жеңіспен шықты.

Армения Орталық сайлау комитеті 49,4 пайыз сайлаушы қатысқан сайлаудың алғашқы қорытындысын жариялады.  Осыған сәйкес отставкаға кеткен соң сайлауға дейін міндетін уақытша жалғастырған Пашинянның «Азаматтық келісім партиясы» дауыстың 53,92 пайызын жинап, бірінші болды.  Бұрынғы президент Роберт Кочариянның «Армения одағы» атты партиясы болса 21,1 пайыз дауыс жинады.

Сайлау қорытындысына сәйкес Пашинянның партиясы 54 пайызға жете алмай, үкіметті бір өзі құру мүмкіндігінен айрылып қалды.

Парламентте орын алуға құқық алған басқа бір партия - бұрынғы премьер-министр Серж Сакисян қолдау көрсеткен партия.

Кочариянның партиясы әзірге сайлау қорытындысын танымайтындарын білдірді.

Пашинян болса «барлық саяси күштермен» келіссөз бастайтындарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар