Австралияда жел мен су тасқыны

Виктория штатында қатты жел мен су тасқыны салдарынан 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.

1655407
Австралияда жел мен су тасқыны

Австралияның Виктория штатына ықпал еткен қатты жел мен су тасқыны 200 мыңнан астам үйді жарықсыз қалдырды.

Викторияда түнде жылдамдығы сағатына 119 шақырымға ұласқан жел мен нөсер жауын тіршілікке зиян келтірді.

Нөсер жауын тасқынға жол ашқан Викторияда кейбір автожолдар көлік қатынасына жабылып, ағаштар құлады.

Аталмыш ауарайының қолайсыздығынан адам шығыны болмаса да, 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.



Ұқсас жаңалықтар