Ливаннан Израильге 6 зымыран атылды

БҰҰ Ливан уақытша қызмет күші Ливан-Израиль шекарасындағы күзету қызметін арттырғанын жариялады.

1641473
Ливаннан Израильге 6 зымыран атылды

Израиль армиясы Ливан жерінен елдің солтүстігіне қарай 6 зымыран атылғанын, шабуылдың артынан зымырандар атылған аймақты артиллериялық зеңбірекпен атқылағанын жариялады.

Армия жасаған жазбаша мәлімдемеде елдің солтүстігіндегі Ливан шекарасында орналасқан Мисгав аймағында зымыран сигналдары естілгені атап көрсетілді.

Ливаннан атылған, бірақ Израиль жеріне жетпей құлаған табыссыз зымыран ату әрекетінің артынан сигналдың шырылдағаны білдірілді.

Шабуыл әрекетінің артынан Израиль армиясының зеңбіректермен зымырандар атылған аймақты атқылағаны мәлімденді.

Ливаннан 13 мамыр күні Израильдің солтүстігіне 3 зымыран атылған, шабуылда кезкелген адам шығыны тіркелмегені білдірілген болатын.

БҰҰ Ливан уақытша қызмет күші болса Ливан-Израиль шекарасындағы күзету қызметін арттырғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар